Halyq Uni логотип
×

Алматы әкімдігіне қарасты компания спорт мектебі залын жалға алу құнын негізсіз көтерген

Жалға беруші балаларды жаттығу жасауға жібермеу керектігін хабардар еткен

 Динара Амантай 02.10.2023 | 09:37
Алматы әкімдігіне қарасты компания спорт мектебі залын жалға алу құнын негізсіз көтерген
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Алматыда әкімдікке қарасты компания спорт мектебі залын жалға алу құнын негізсіз көтерген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаментіне кәсіпкер әкімдікке қарасты компанияның қосымша келісім жасасу арқылы спорт залын жалға алу құнын негізсіз көтеру фактісі бойынша жүгінген.

Жалға беруші егер кәсіпкер жаңа бағамен төлеуден бас тартқан жағдайда балаларды жаттығу жасау үшін спорт залына жібермеу керектігін хабардар еткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Алматы қаласының спорт басқармасымен және жалға берушімен бірлесе кеңес өткізіп, оның барысында жалдау құнын асыра бағалаудың себептерін анықтамады. Осыған байланысты шартты жыл соңына дейін бұрынғы құны бойынша ұзарту туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама