Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты
Қыздар құрамасы Қытайға есе жіберді
500 метрге жұптық каноэ есуден Мария Бровкова мен Руфина Искакова және 500 метрге жұптық байдарка есуден сынға түскен Ирина Подойникова, Ольга Шмелева күміс медальға ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
500 метрге жұптық каноэ есуде сынға түскен отандастарымыз (Мария Бровкова, Руфина Искакова) Қытай құрамасынан жеңіліп, күміс медальға ие болды.
- Алтын: Қытай құрамасы – 2:01.409;
- Күміс: Қазақстан құрамасы – 2:08.125;
- Қола: Таиланд – 2:08.257.
Сондай-ақ 500 метрге жұптық байдарка есуден сынға түскен Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева күмістен алқа тағынды. Осылайша, олар Қазақстан қоржынына жетінші күмісті салды.
- Алтын: Қытай құрамасы – 1:49.944
- Күміс: Қазақстан құрамасы – 1:51.251
- Қола: Өзбекстан құрамасы – 1:52.832.