Мектепке балта алып барып, сыныптастарын жарақаттаған балаға қатысты сараптама қорытындысы шықты
Қылмыс Петропавлда ақпан айында болды
Мектепке балта ала барып, сыныптастарын жарақаттаған баланың есі дұрыс. Сараптама қорытындысы жария болды, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Қылмыс Петропавлда ақпан айында болды. №4 мектептің оқушысы сабаққа балта апарып, 3 баланы жарақаттаған. Жасөспірім бірден қамауға алынды. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін құзырлы орган өкілдері баланың психикалық ауытқушылығы барын, оның диспансерлік тіркеуде тұрғанын айтқан болатын. Алайда сараптама жұмыстары күдіктінің өз ісіне жауап бере алатынын көрсеткен.
«Қылмыстық кодекстің 24-ші бабы және 99-ші баптары бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс прокуратурада тексеруде жатыр», - деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.