Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль иеленді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина өнер көрсетті. Олар жалпы есепте 334 ұпай жинады.
Бірінші орынды Қытай спортшылары (354 ұпай), ал екінші орынды Үндістан (337 ұпаймен) командасы иеленді.
Қазір Қазақстан құрамасы медальдық кестеде 12-орында тұр. Құрама қоржынында 26 медаль (3 алтын, 4 күміс және 19 қола) бар.