Өрт сөндірушілер қалған 600 орам шөпті (180 тонна) аман алып қалды
ШҚО-да найзағай түсіп, жинаулы тұрған 100 орам (рулон) шөпті өртеп жіберді.
Төтенше жағдай 30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылының маңындағы шаруа қожалығы аумағында болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап, қалған 600 орам шөпті (180 тонна) аман алып қалды.
Ірі мая, бастырмалар, жиналған бума шөптер кемінде электр желілеріне 15 метр, жолдан 20 метр және ғимараттар мен құрылыс нысандарынан 50 метр қашықтықта жиналып, орналастырылуы шарт.
Ірі жем-шөп маяларын, бастырмаларын және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды мынадай жерлерде жинауға жол берілмейді: