×

Азия ойындары: қазақстандықтар бүгін қатысатын жарыстар кестесі жарияланды

Туризм және спорт министрлігі Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 30 қыркүйек күні Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар тізімін ұсынды

 Халық үні 30.09.2023 | 06:34
Фото: CFP

Туризм және спорт министрлігі Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 30 қыркүйек күні Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар тізімін ұсынды.

30 қыркүйек:

06.00 – триатлон, әйелдер, финал

07.00 – нысана көздеу, пневматикалық тапанша, микс, команда

07.00 – стенд ату, трап, іріктеу

07.30 – байдаркка мен каноэде есу, іріктеу

07.30 – құраш, ерлер +90кг, әйелдер 52кг

08.00 – ауыр атлетика, әйелдер, 49 кг

10.00 – гандбол, ерлер. Жапония – Қазақстан.

11.00 – 3х3 баскетбол, әйелдер. Қазақстан – Иордания

11.30 – 5х5 баскетбол, ерлер. Қазақстан – Иран

12.00/15.00 – бокс. Күндізгі сессия. Жайна Шекербекова, Қамшыбек Қоңқабаев

13.00 – Ватерпол, әйелдер. Қазақстан – Жапония

13.00 – шахмат, командалық жарыстар, 2-раунд

13.55 – 3х3 баскетбол, ерлер. Қазақстан – Филиппин

14.00 – гандбол, әйелдер. Қазақстан – Оңтүстік Корея

17.00/20.00 – бокс, кешкі сессия. Валентина Хальзова, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов

17.00 – волейбол, әйелдер. Қазақстан – Ауғанстан

17.00 – киберспорт. Dota2, ширек финал

17.05 – жеңіл атлетика, сырықпен секіру, ерлер, финал

Еске салайық, Ханчжоуда Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтіп жатыр. 

30 қыркүйек таңындағы жағдай бойынша, Қазақстан медальдар кестесінде 11 орында тұр. Қоржында әзірге 26 медаль бар – 3 алтын, 4 күміс және 19 қола.

Турнирдің абсолютті лидерлері бұрынғыша – Қытай (200 медаль: 105 — 63 — 32), Жапония (99 медаль: 27 — 35 — 37) және Оңтүстік Корея (102 медаль: 26 — 28 — 48).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама