XIX Азиада: бүгін бес қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады
Азия ойындарында Қазақстанның бес боксшысы өнер көрсетеді
30 қыркүйекте Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның бес боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Күндізгі сессияда қазақстандықтардың қатысуымен екі жекпе-жек өтеді. 54 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы ширек финалда Жайна Шекербекова үндістандық Притимен кездеседі, жекпе-жек Астана уақытымен 12:00-де басталады.
Сағат 14:30-да 92 келіден жоғары салмақта ерлер арасында ширек финалдық жекпе-жек өтеді: Қамшыбек Қоңқабаев Бахрейн өкілі Данис Латыповпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Кешкі сессияда қазақ боксшыларының қатысуымен үш жекпе-жек болады. Сағат 17:30-да 75 келіге дейінгі әйелдер арасындағы ширек финалда Валентина Хальзова қытайлық Цянь Лимен кездеседі.
Сағат 18:45-те ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық жекпе-жек басталып, Махмұд Сабырхан солтүстіккореялық О Тэ Беоммен қолғап түсйістіреді.
Сағат 19:15-те Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхуджаевпен ширек финалдық кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасының сайтында көруге болады.