Алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек пен 2 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Фото: squirella.livejournal.com

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек пен 2 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер ықпалынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.

«1 қазанда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын болады, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын болады. Ал республиканың батысында ғана ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фон сақталады. Еліміздің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі», – делінген хабарламада.

Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, күндіз 10-23 градус жылы, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы, күндіз 18-25 градус жылы болады. Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.