Тәркіленген заттың салмағы 48 келіден асады
28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемде әкелініп жатқан зергерлік бұйымдарды тәркіледі, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды. Тәркіленген заттың салмағы 48 келіден асады.
Осы дерек бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.