Жамбыл облысында автобус апатынан зардап шеккен Өзбекстан азаматтары еліне аттанды
Оларды алып кетуге Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары арнайы келді
Өзбекстанға түнде Жуалы ауданынан Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ құрамымен сегіз жедел медициналық жәрдем көлігі және бір VAN Hool маркалы жолаушылар автобусы жолға шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шекарадан асқан втобуста 13 зардап шегуші, уақытша орналастыру пунктінде болған тағы жеті адам және екі адамның денесі бар.
Өзбекстан ТЖМ министрінің орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және төтенше жағдайға жұмылдырылған өзге қызметтерге өз отандастарын құтқарғаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде 1980-ші және 1965 жылғы Өзбекстанның екі азаматы жатыр.
Еске сала кетсек 12 мамырда Жамбыл облысының Алматы-Ташкент тас жолында автобус аударылып, жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.