Астана қаласының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғап шықты
«Бозайғыр» ЖШС 150 мың адамға жұмыс орнын ашуды мақсат етіп отыр
Астана қаласының прокуратурасы «Бозайғыр» ЖШС-ның құқығын қорғап шықты. Бұл кәсіпорын жергілікті тұрғындар үшін 150 жұмыс орнын ашып, құны 2,5 млрд теңге инвестициялық жобаны ұсынуды мақсат етіп отыр.
Уәкілетті орган инвесторға 2 айдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаның келісімін алу үшін қажетті құжатты бермеген.
Содан соң «Бозайғыр» ЖШС басшылығы қалалық прокуратураға шағымданғаннан кейін ғана инвестиялық жобаның келісімін алатын болды.