Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді
Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеңесте халықаралық бизнесті дамыту орталығын құру, инвестициялар тарту, инфрақұрылым жүргізу, іскерлік қызмет нысандарын салу жөніндегі шаралар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.
Еске сала кетсек, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қалаларының аралығындағы интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады:
Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың гектар болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.