Ошағы Алматыдан 420 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр
Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 450 км қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпулерін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 27 қыркүйек күні сағат 19:11-де тіркеді.
«Ошағы Алматыдан 420 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Зілзаланың энергетикалық класы 9.6. Магнитудасы 4.5. MPV. Тереңдігі 5 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.