28 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады

Фото: azattyq-ruhy.kz

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

«Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста екпінді жел күтіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.