Halyq Uni логотип
×

Елімізде ақылы жолдардың тарифі өзгерді

Жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттады

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2023 | 16:20
Елімізде ақылы жолдардың тарифі өзгерді
Фото: gov.kz

3 қазаннан бастап елімізде жол ақысының тарифі өзгереді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, осы күннен бастап көлік жүргізушілері жол ақысын жаңа тарифпен төлейді. Оның бағасы айлық есептік көрсеткішке байланысты есептеледі.

Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, жалпы алғанда 11 ақылы жолдың тарифі қымбаттаған.

«Астана – Щучинск», «Астана – Теміртау», «Тараз – Қайнар» және «Қонаев – Талдықорған» тас жолдарында жеңіл көліктер үшін 200-300 теңге аралығында болады.

«Алматы – Қорғас» бағытындағы жолға 359 теңге төленеді.

«Астана – Павлодар» бағытына 456 теңге және «Шымкент – Қызылорда» тас жолына 527 теңге деп бекітілді.

Ал «Щучье – Көкшетау», «Алматы – Қонаев», «Шымкент – Тараз» және Шымкенттен Өзбекстан шекарасына қатынайтын жол ақысы арзандау – 72 теңгеден 120 теңгеге дейін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама