Әзірге оның үстінен үш адам шағымданып, арыз жазды
Бостандық аудандық ПБ-ның мәліметінше, бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 1979 жылы туған Б.есімді азаматша ұсталды. Ол әлеуметтік тұрғын үй алғысы келген адамға кезектегі орнын жылжытып беруге, келесі адамға банктен қайтарылмайты несие алып берге уәде берген. Тағы бір адамды қылмыстық істің тергеу барысына ықпал ете алатынына сендірді.
Біраз уақыттан кейін бұл адамдар алданғандарына көз жеткізіп, ішкі істер органдарына жүгінді.
Б.есімді азаматша ұсталды. Тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, қазір басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», – деп мәлімдеді Бостандық аудандық ПБ-ның бастығы Думан Аухадиев.
Алматы қаласы ПД әйелдің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен адамдардан мына телефон нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 254-47-01; 254-47-02 және 8-702-160-06-34.