×

Иракта үйлену тойында отшашудан кемі 100 адам қаза тапты

Шаңырақ көтергісі келген жас жұбайлар да көз жұмды

 Дастан Жұмабекұлы 27.09.2023 | 15:25
Фото: korrespondent.net

Ирактың Ниневия провинциясындағы Әл-Хамдания елді мекенінде үйлену тойында отшашудан өрт шығып, кемі 100 адам қаза тапты. Тағы 150-ден аса адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Ирактағы Қызыл Ай қауымдастығы қаза тапқандар мен жараланған адамның жалпы саны 450-ден асқанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында шаңырақ көтергісі келген жас жұбайлар да бар.

Eadaily.com-ның хабарлауынша, тойға жиналған жұрт салтанат сарайында мерекелік отшашу ұйымдастырып, оның соңы өртке ұласқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама