Тағы бір спортшымыз Азиадаға арнап тігілген киімнің сапасыздығына шағымданды (ВИДЕО)
Бәрі бірінші күні-ақ жыртылып, жиырылып, сөгітіліп қалды, - дейді ол
Тағы бір қазақ спортшысы Азия ойындарына арналып тігілген спорттық форманың сапасы сын көтермейтінін айтып, шағымданды.
Бұл жолы қазақстандық киберспортшы Әнуар Халықбергенов аяқ киімінің жарыстың екінші күні-ақ жартылып қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, спорттық үлгіде тігілген форманың кей түрі бірінші күні-ақ жыртылып қалған.
Көбі менен форма жайлы сұрап жатыр, шынымен сапасы сын көтермей ме деп. Иә, расымен солай. Тек үстімдегі поло ғана аман қалды. Қалғанының бәрі бірінші күні-ақ жыртылып, жиырылып, сөгітіліп қалды. Ал берген шортылары мен киетін көлемнен 10 есе үлкен шығар, оны да кие алмадым, - дейді ол.