Halyq Uni логотип
×

ҰҚК құны 200 млн теңгеден асатын ителгілерді шетел асырудың жолын кесті

Құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізу жоспарланған

 Еркеғали Болатұлы 27.09.2023 | 11:15
ҰҚК құны 200 млн теңгеден асатын ителгілерді шетел асырудың жолын кесті
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Атырау әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті 28 ителгіні шетелге алып өтпек болған шетелдіктер мен республика азаматтарын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Қызыл кітапқа енген құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізу жоспарланған.

Тінту кезінде ителгілерді ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме мен оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 3-бөлігі («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе аса ірі зиян келтіретін дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Келтірілген шығын көлемі 200 миллион теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама