Жетісу облысында қайғылы жағдай болды
Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Ақсу ауданындағы «Көлтабан-Матай» тасжолында Mitsubishi Montero Sport көлігінің қатысуымен болды.
Ауылдық жолдың 50-шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті. Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.. ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.