Halyq Uni логотип
×

Каспий теңізінен 3 күн бұрын батып кеткен балықшының денесі табылды

Болжам бойынша ол 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен

 Халық үні 26.09.2023 | 22:49
Каспий теңізінен 3 күн бұрын батып кеткен балықшының денесі табылды
фото: хабар24

Ақтауда Каспий теңізіне 24 қыркүйек күні батып кеткен балықшының денесі шығарылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды. 

1993 жылы туған азаматқа үш күннен бері іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Болжам бойынша ол 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен.

«Бүгін 12:08-де төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде ( 5 метр тереңдіктен) адам денесін судан тауып алып, шығарды»,- делінген баспасөз мәліметінде.

Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қарушылары, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша жеке құрамы жұмылдырылған. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына мұндай жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар мен еріктілер қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама