Қайғылы оқиға қыркүйек айының басында болған
Абай облысы Семейде 4 жасар бүлдіршіннің денесін әжетханаға лақтырып тастаған. Полиция тергеуді бастады.
Жантүршігерлік оқиға туралы "Немолчи" қоғамдық қоры жариялады. Қордың айтуынша, бүлдіршінді анасы бала күтушіге қалдырып кеткен.
Анасы баланы алып кетуге келгенде бала күтуші «бүлдіршін танысымның үйінде» деп алдаған. Ал шын мәнінде бала ол кезде қайтыс болған. Оқиғаны жасыру үшін бала күтушінің күйеуі баланың өлі денесін сөмкеге салып, жол бойындағы әжетханаға лақтырып тастаған - деп жазды Дина Таңсәрі.
Қайғылы оқиға қыркүйек айының басында болған. Абай облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын айтты.
Күдікті ұсталды, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық істі тергеу Абай облысы полиция департаменті мен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.