Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр
Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауға алу мерзімін бір айға ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді. Ол 16 наурызда ұсталды. Тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.
Тағы оқи отырыңыз: Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды