Halyq Uni логотип
×

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Балуан 100 келі салмақта корей спортшысы Вон Джон Хунды жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 26.09.2023 | 15:43
Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
фото: Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдошы қарсыластарымен 100 келі салмақта күш сынасқан Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл салмақта ол үшінші орын үшін белдесуде Вон Джон Хунды жеңді. Оған дейін Нұрлыхан Шархан жартылай финалда өзбекстандық әлем чемпионы Музаффарбек Туробоевқа есе жіберген еді.  

Осы жүлдеден кейін Қазақстан спортшыларының қоржыны 2 күміс, 5 қола жүлдемен толықты.

Күміс медальді дзюдодан Әбиба Әбужақынова мен құрамында Асадбек Нәзірқұлов, Бахтияр Ыбыраев пен Андрей Худяков бар Қазақстанның мергендер командасы иеленді.

Қола жүлдеге дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Есмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар ие болды. Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама