×

Семейдегі төрт жасар баланың өлімі: күтушінің күйеуі мәйітті жол бойындағы дәретханға лақтырып жіберген

Анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен

 Халық үні 26.09.2023 | 08:25
Фото: Halyq Uni

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырған. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қордың хабарлауынша, оқиға қыркүйектің басында болған.

Анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды

Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама