Halyq Uni логотип
×

«Өгей әкесі өлтірді»: Полиция Алматыдағы бүлдіршін өліміне қатысты мән-жайды айтты

2004 жылы туған ер адам қамауға алынды

 Халық үні 25.09.2023 | 19:45
«Өгей әкесі өлтірді»: Полиция Алматыдағы бүлдіршін өліміне қатысты мән-жайды айтты
Фото: Halyq Uni

Алматы қалалық полиция департаменті өгей әкенің 4 жасар бүлдіршінді ұрып өлтірген дерегіне қатысты пікір білдірді.

Полиция өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде ҚР Қымыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Көрсетілген қылмысты жасады деген күдікті – 2004 жылы туған Д. есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл қылмыстық істің тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.

Еске салайық, аталған жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Қоғам белсендісі 4 жасар сәбиді өгей әкесі аяусыз соққыға жыққанын, соның салдарынан бала ауыр жарақаттан көз жұмғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама