×

Қазақтың баласы әлемнің 34 университетінен шақырту алды

Сол кезден бері ол 11-сыныптың соңына дейін тек университетке түсу үшін уақытын жұмсаған

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2022 | 17:04
коллаж: Halyq Uni

Шымкент қаласындағы  «Білім-Инновация» лицейінің  9-сыныптың оқушысы Мирас Сейілхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды.

Мирас Сейілхан өзі оқитын мектептің президенті, Z ұрпағына арналған BIL PRESS редакциясының негізін қалаушы, оған қоса BIL VOLUNTEERS еріктілер клубын ашқан.

Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Эльмира Тұрлыбек хабарлады.

Оның айтуынша, Мирас шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған. Сол кезден бері ол 11-сыныптың соңына дейін тек университетке түсу үшін уақытын жұмсаған.

Осылайша Мирас АҚШ-тың 12, Ұлыбританияның  5, Канаданың 5, Испанияның бір, Австралияның 4 оқу орны мен басқа да елдердің университеттерінен шақырту алған.

«Әзірше ол Colgate University, London School of Economics пен Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр. Оның болашақ мамандығы - қаржы және экономика саласымен байланысты. Мирасханның айтуынша, оған әр қадамын бақылап отырған мұғалімдері мен мектепті бітіріп кеткен ағалары көмек берген. Оның арманы - Қазақстанды жаңа деңгейге көтеру» , - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама