Науқастан сібір жарасы анықталмаған
Жетіжар ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, науқаста сібір жарасы анықталмаған.
Аудан әкімінің 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, залалсыздандару жұмыстарының аяқталуына байланысты Жетіжар ауылында төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғынына жүргізілген ПТР және қан мен жара сынамасының нәтижесінде ауру белгілері анықталған жоқ, – делінген хабарламада.
Науқастың медициналық диагнозы – сол жақ бетінің стафилококты-стрептококты карбункулы (шиқан).
Қазір Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты, дене қызуы қалыпты.