Құзыретті орган жұрттан жер салығы үшін үстеме ақы алып отырған
Жетісу прокурорлары мәслихаттың заңсыз шешімдерінің күшін жойды
Текелі қаласы прокуратурасының мәліметінше, прокурорлардың наразылықтары бойынша қалалық мәслихаттың жер салығы мөлшерлемелерін 20% арттыру туралы 2 шешімі жойылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады. Мұндай тіркеу – олардың күшіне енуінің қажетті шарты. Сонымен қатар жергілікті уәкілетті органның шешімдері әділет органдарында тіркелмеген, сәйкесінше заңды күші жоқ, – делінген прокуратура хабарламасында.
Алайда осыған қарамастан салық органы салық төлеушілерден жер салығы үшін жоғары мөлшерлемеде ақы алып отырған. Мәслихат шешімдері 5 мың жер пайдаланушының мүддесін қорғады, оның 400- ден астамы – кәсіпкерлер.
Прокуратураның бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен артық төленген соманы салық төлеушілерге қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр.