Halyq Uni логотип
×

Алматылықтар 735 млн теңге мүлік салығын төлемеген

 Салық салуға жататын объектілердің саны – 642 мың 172

 Динара Амантай 25.09.2023 | 12:47
Алматылықтар 735 млн теңге мүлік салығын төлемеген
Фото: Halyq Uni

Алматылықтар жалпы сомасы 735 млн теңге салық төлемеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Спикер 1 қазанда тұрғын үйлердің, пәтерлердің, саяжай құрылыстарының және өзге де құрылыстардың иелеріне мүлік салығын төлеу қажеттігін еске салды.

Бүгінде Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салық салуға жататын объектілердің (жеке үйлер, пәтерлер, саяжайлар мен гараждар) саны – 642 172, олардың бағалау құны – 3054 млрд теңге, 2022 жылы есептелген салық сомасы 3,9 млрд теңгеден асады. Өткен жылмен салыстырғанда салық салу объектілерінің саны бағалау құны 6 млрд теңгемен 27 мың 238-ге ұлғайды. Оның ішінде жеке үйлердің саны 547-ге, пәтерлер 21 мың 262-ге, гараждар 5 мың 246-ға көбейді. Айта кету керек, жаңа салық салу нысандарының негізгі бөлігі (9 мың 167) Бостандық ауданына тиесілі, – деді спикер.

Спикердің мәліметінше, бүгінде Алматы қаласының 55 мың 644 тұрғынының мүлік салығы бойынша 735 млн теңге қарызы бар. Төленбеген салықтың негізгі сомасы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі, олардың сомасы – 315 млн теңге, ал төлемегендер саны жөнінен антирейтингті Бостандық ауданының тұрғындары (37 мың адам) бастап тұр.

Департамент тұрғындарды қарыздарын өтеуге шақырады және салықтарды уақтылы төлеуге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама