Ол ұзаққа созылған аурудан 73 жасында көз жұмды
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Зейд Әл Нахаян ұзаққа созылған науқастан кейін 73 жасында қайтыс болды деп хабарлады ресми Әмірліктің ақпарат агенттігі.
Президент істері министрлігі БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зейд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты БАӘ халқына, араб және ислам халқына және бүкіл әлемге көңіл айтады, – делінген хабарламада.
Соңғы жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті ел басқаруды Абу-Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Зейдке тапсырып, мемлекеттік істерге араласуын тоқтатқан.
Айта кетсек, Forbes журналының мәліметі бойынша, Халифа бен Заид Әл Нахаян әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кірген. Бұл ретте оның отбасы мүшелерінің байлығы 150 миллиард долларға бағаланған.
Халифа бен Зейд БАӘ басшылығымен қатар, Абу-Даби Investment Authority инвестициялық қорын басқарды.