СҚО-да ауыл шаруашылы басқармасы кәсіпкерге 2 млрд теңге төлеуді негізсіз тоқтатқан
Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары АӨК субъектісінің жолданымы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасында 2 млрд теңгеден аса сомаға субсидия төлеуді тоқтата тұруды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекеттік органдардың төлемдерді тоқтата тұру шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 948 млн теңге субсидия төлеу арқылы кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қалған ақшаны төлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.