Halyq Uni логотип
×

Азия ойындары: алғашқы жарыс күнінің нәтижелері

 Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығу бойынша финалға шықты

 Халық үні 25.09.2023 | 07:20
Азия ойындары: алғашқы жарыс күнінің нәтижелері
фото: gov.kz

Туризм және спорт министрлігі Азия ойындарының алғашқы күнінде қазақстандықтар қол жеткізген нәтижені жариялады. 

Дзюдо: Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жеңіп алды.

Бессайыс: Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин жекелей жарыс қорытындысы бойынша олимпиада лицензиясын иеленді.

Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов ат үстінде жаттығу бойынша финалға шықты.

Бокс: Ертуған Зейноллинов 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалға жолдама алды.

Шахмат: Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева әйелдер шахмат турнирінің алғашқы екі турында жеңіске жетті.

Ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің есебінде екі жеңіс, Ринат Жұмабаевтың еншісінде бір жеңіс бар.

Гандбол: әйелдер құрамасы топтық кезеңде Тайланд құрамасын 44:20 есебімен жеңді.

Теннис: Бейбіт Жукаев жекелей сайыстың екінші раундында Тәжікстан спортшысы Фируз Мухидиновты жеңді. Есеп – 6:0, 6:0. Біздің екі команда ерлер арасындағы жұптық сайыстың екінші кезеңіне шықты.

Жағажай волейболы: Н.Алдаш/К.Гурин және С.Богату/Д.Яковлев жұптары ерлер арасында ширек финалға жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама