Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 келі) қола медальға таласады
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді. Одан бұрын Әбиба алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея палуанын ұтқан болатын. Енді алтын жүлде үшін үш дүркін әлем чемпионы, жапон қызы Натцуми Цунодамен кездеседі. Былтыр Ташкентте Әбиба осы балуанға есе жіберген болатын.
Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 ккелі) жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін палуанды күтеді.
Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 келі) қола медальға таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенмен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.
Ал Ұлттық құрама спортшысы Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан палуанын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысының мықты екенін мойындады.