Қазақстандық балуан жартылай финалда туркиялық Али Ченгизбен күресіп, мерзімінен бұрын жеңілді.
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсыновтың грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалындағы белдесуі күтпеген нәтижемен аяқталды.
Қазақстандық балуан жартылай финалда туркиялық Али Ченгизбен күресіп, мерзімінен бұрын жеңілді. Енді ол қола жүлдеге таласатын болады.
Бұған дейін Нұрсұлтан Тұрсынов 87 салмақ дәрежесінде үш жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде де жеңіске жетті. Отандасымыз алдымен италиялық Мирко Мигуцииді (5:2) тізе бүктіріп, кейін кореялық Сан Гйок Пакты (6:1) және ирандық Насер Ализадені (9:4) жеңді.