Бүгін хоккейден әлем чемпионаты басталады
Қазақстан құрама командасының тізімі жарияланды

Бүгін Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді.
Биыл Қазақстан құрамасы топ-дивизионда сынға түседі.
Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында болады. Қазақстан құрамасы А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция құрамаларымен кезедседі. Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания мен Австрия күш сынасады.
Биылғы дүниежүзілік дода 85 рет жалауын көтереді. Әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Германия мен Словакия құрамалары кездеседі. Ал Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Данияға қарсы өткізеді.
Қазақстан құрама командасының бүкіл ойындары Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі Финляндиядағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама команданың тізімін жариялады.
Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Ор қаласы, Ресей), Илья Румянцев («Арлан»).
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (бәрі - «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист»), Даррен Диц (ЦСКА), Леонид Метальников («Адмирал»), Виктор Сведберг («Авангард»).
Шабуылшылар: Павел Акользин («Металлург»), Алихан Асетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Кёртис Волк («Автомобилист»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі де - «Сарыарка»), Кирилл Панюков («Ак Барс»), Роман Старченко (НСА), Дмитрий Шевченко («Авангард»).
Команданың бас менеджері - Александр Корешков, бас жаттықтырушы - Юрий Михайлис.