Halyq Uni логотип
×

«1-3 градус үсік түседі»: 24 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік күтіледі

 Халық үні 23.09.2023 | 19:50
«1-3 градус үсік түседі»: 24 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Фото: news.myseldon.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 24 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы сипаты сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында түнде 1-3 градус үсік күтіледі, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде түнде топырақ бетінде 1-2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Жамбыл облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама