Halyq Uni логотип
×

Сынға қалған ШҚО әкімдігі 1 млрд теңгеге фитнес орталық салудан бас тартты

Тұрғындар жергілікті бюджет қаржысын қайта қарауды сұрады

 Ая Өміртай 23.09.2023 | 15:33
Сынға қалған ШҚО әкімдігі 1 млрд теңгеге фитнес орталық салудан бас тартты
Фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қосымша құн салығын қосқанда 1 млрд 300 млн теңгеге Алтай қаласында екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салудан бас тартты, деп хабарлайды  Halyq Uni.

Құжаттамада ведомствоның мемлекеттік сатып алу порталындағы лоттан бас тартқаны атап өтілген. Бұған қатысты жергілікті тұрғындар мен белсенділердің пікірінше, бұл салада заманауи GYM залдарының жоқтығынан да әлдеқайда маңызды мәселелер бар.

Алтай аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің мәліметінше, нысанды қаржыландыру қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында қарастырылған. Ал фитнес-орталықтың өзі сағатына жүз келушіні қабылдай алатындай жобаланған. Қалада қырық мыңға жуық халық тұрады.

Әлеуметтік желілерде Алтай өңірінің тұрғындары қымбат дизель отынмен жылуға мәжбүр болған білім беру мекемелерінің қазандықтарына, жолдарды жамау, көпірлерді жөндеуге, автобус қызметін жақсартуға, т.б. бюджет қаражатын қайта қарауды сұрады.

Ауылдарға адамдар қалыпты түрде бара алмайды, пәтерді, мектептерді жылыта алмайды. Ал энергетика және құрылыс басқармасы адамдарды осылайша күшті етуді ұйғарды ма?, - деп жазды олар әлеуметтік желілерде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама