Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді
Қостанайда терроризмді насихаттаған ер адам сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтаған.
Қостанай облысы Б.Майлин ауданының соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.
Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған, – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.
20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.