Ата-анасы мен әжесі қайтыс болғанда өзінің суицидтен аман қалуына Димаштың әндері көмектескен
Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко қазақстандық әyші Димаш Құдайбергенге деген сүйіспеншілігіне байланысты өз тегін ресми түрде Кудайбергенова деп ауыстырған.
«Мен Димашты жақсы көремін. Ол керемет адам, талантты әнші. Мен одан 3 ай 1 күн үлкенмін. Оны алғаш рет 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Андрей Малаховтың «Привет, Андрей!» шоу бағдарламасында көрдім. Шығарылым Игорь Крутойдың мерейтойына арналды. Димашты көргенде бірден ұнаттым, көзіне ғашық болдым. Бағдарламада шырқаған «Знай» әніне, дауысына ғашық болдым. Осы күнге дейін бұл менің сүйікті әнім», - дейді Кристина.
Сондай-ақ ол ата-анасы мен әжесі қайтыс болғанда өзінің суицидтен аман қалуына Димаштың әндері көмектескенін жеткізді.
Бір ғажабы, бұған дейін швейцариялық жанкүйері де өзінің қазақ тілін үйренуіне тікелей Димаштың түрткі болғанын айтқан еді.