Ол халықаралық форумға қатысып, кәсіпкерлермен кездеседі
Биыл 28-29 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.