×

Кәсіпкер Ерлан Қожасбай Ризабек Айтмұханға автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Спорт ардагерлері мен басқа да спортшылар балуандарды құттықтауға келді

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2023 | 15:10
Фото: видеодан скриншот

Алматыда белгілі кәсіпкер Ерлан Қожасбай Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанған балуандардың құрметіне өткен мерекелік кеште тұңғыш рет қазақ балуандары арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтап, Zeekr автокөлігін сыйлады. Сонымен бірге ол осы кеште әлем чемпионатында қола жүлде иеленіп, Олимпиадалық ойындарға лицензияны жеңіп алған Азамат Дәулетбековке де құрмет көрсетіп, оған ақшалай 2 млн теңгенің сыйақысын тапсырды.

Бұл мерекелік кешке еркін күресті дамытуға үлес қосқан жаттықтырушылар мен ел намысын қорғап жүрген спортшылар және спорт ардагерлері ел мақтаныштарын арнайы келіп құттықтады.

Бұған дейін Алматыға іс-сапармен келген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов SADU арена спорт кешеніне барып, балуандардың оқу-жаттығу жиынымен танысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама