Қарағанды полициясы алаяқтықпен айналысқан Ресей азаматын ұстады

Дастан Жұмабекұлы

Күдікті адамдардың 15 млн теңгесін жымқырды деп айыпталып отыр

Фото: Halyq Uni

Алматыда Қарағанды облысының полицейлері алаяқтықпен айналысқан шетел азаматын ұстады. Ол адамдардың 15 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді.

Полицияға бірінші болып Қарағанды облысының 51 жастағы тұрғыны арызданған. Жәбірленуші Ресей азаматына алданғаны туралы арыз жазған. Ол миллиондаған теңгесінен айырылғанын айтып, күдіктіге қарсы шара қолдануды сұраған. Күдікті жәбірленушіге қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрғанын, оның атынан белгісіз адамдардың несие рәсімдеп жатқанын айтып, есепшотын бұғаттау керектігін айтқан. Содан кейін жәбірленуші алаяққа сеніп, 5,2 млн теңгеден астам ақша жіберген. 

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, полиция киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Ресей Федерациясының Алматы қаласында жасырынып жүрген 22 жастағы азаматын ұстады. Ол қылмысын мойындады.

Тергеу кезінде тәртіп сақшылары ұсталған адамның Қазақстан азаматтарын алдаумен байланысты 5 қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 15 млн теңге болған.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.