Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мектептері үшін көркем әдебиеттің интерактивті каталогы әзірленді

Автоматтандырылған жүйе өңірлерде қандай кітаптар сұранысқа ие екенін білуге мүмкіндік береді

 Динара Амантай 22.09.2023 | 13:12
Қазақстан мектептері үшін көркем әдебиеттің интерактивті каталогы әзірленді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасау және іске асыру туралы тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы балаларға арналған көркем әдебиеттің интерактивті каталогын әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еліміздің білім беру ұйымдары үшін Bookfund.gov.kz жүйесі құрылды. Бұл – қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын цифрлық форматтағы кітаптардың арнайы тізімі. Қазір бекітілген көркем әдебиет тізімі бойынша интерактивті каталогтарды енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін пайдаланушылар өз аккаунты бойынша жүйеге тіркеліп, толық каталогпен таныса алады, – деді Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Әлия Сайдембаева.

Сондай-ақ оқу жылының басынан бастап білім басқармаларының қызметкерлері мен мектеп кітапханашыларына Қазақстанның кітапхана ісінің Bookfund.gov.kz автоматтандырылған жүйесінде тіркелу бойынша бірқатар вебинарлар өткізілді.

Бұған қоса автоматтандырылған жүйе өңірлерде қандай кітаптар сұранысқа ие екенін білуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама