Астанада баланы зорлап өлтіргендерге сот үкімі шықты
Олардың кінәсі дәлелденді
Елордада жас баланы зорлап өлтірген күтуші мен ер адам сотталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Былтыр бала күтуші мен оның бірге тұратын көңілдесі балаға зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан бала көз жұмған.
Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін бұлтартпас айғақтармен дәлелді. Олар 17 және 23 жылға сотталды, - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.