Бұған дейін ол мемлекеттік инспектор болған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімін басқарады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін де атқарған.