22 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының шығысында түнде топырақ бетінде үсік күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 22 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республикамыздың басым бөлігінде антициклон ықпалының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыста, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының шығысында түнде топырақ бетінде үсік күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғарғы өрт қаупі сақталады.