Halyq Uni логотип
×

Сайрам ауданында 2100 гектар жайылым жер мемлекетке қайтарылды

Жалпы, Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының 5,5 мың гектар жайылымдық жерді қайтару жоспары бар

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2023 | 16:15
Сайрам ауданында 2100 гектар жайылым жер мемлекетке қайтарылды
Коллаж: Halyq Uni

Түркістан облысының Сайрам ауданында 2100 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жалпы, Түркістан облысы жер қатынастары басқармасының 5,5 мың гектар жайылымдық жерді қайтару жоспары бар. Ал ауданның жалпы жер қоры – 114 761 гектар.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, жайылым көлемі – 24,5 мың гектар. Биыл 9 айда 2100,5 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ қайтару бағытында 473,6 гектар жер бар, оған қатысты 13 іс сотта қаралып жатыр.

Бүгінде Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1049 гектар мемлекет меншігіне өткен. Биыл Құтарыс ауылдық округінде 126 гектар жер қайтарылса, 285 гектар жайылымдық жер учаскесіне ауыл тұрғындарының малын жаю үшін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру мәселесі қаралып, Жер комиссиясының оң қорытындысы берілген, –  делінген материалда.

Жалпы Сайрам ауданында жайылымдық жер учаскелерін қайтару бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жайылымдарды елге қайтару жұмысы жалғасатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама