Halyq Uni логотип
×

Шымкентте экстремизмді насихаттаған адам сотталды

Қылмыскер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2023 | 13:32
Шымкентте экстремизмді насихаттаған адам сотталды
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлады ҰҚК.

Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық, экстремизм, идеологиялық материалдарын жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толық дәлелденді.

17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама