Астанада АҚШ-тан әкелінген есірткіні сатқандар сотталды
Сот үкімімен екі азамат 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы ірі мөлшерде есірткі заттарын тасымалдағысы келген бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Еске сала кетсек, Астанада «бақыланатын жеткізу» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерінен ірі көлемде «марихуана» есірткі заттарын алған елорда тұрғындары ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынған еді.
Қылмыскерлер Telegram мессенджерінде ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған.
Сот үкімімен екі азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға және 8 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.